«Біздің вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тіркеуінен өткізу бойынша екіжақты жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Вакцинаны тіркеудің халықаралық талаптары бар. ДДСҰ мамандары былтыр келген. Биыл онлайн аудит жүргізді. Енді ДДСҰ-ның тұтас миссиясы келмекші. Солларды күтіп отырмыз. Олар вакцинаны қалай өндіріп жатқанымызды, сараптама қалай өткенін, халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексереді», - деді ол БАҚ өкілдеріне берген жауабында.
Сондай-ақ, ведомство басшысы Қазақстан жағы ДДСҰ-ның бұған дейінгі ұсынымдарын орындағанын еске салды.
«Біз олардың ұсынымдарын түгел орындадық. Енді келесі миссияның келуін күтіп отырмыз. Солармен әрі қарай жұмыс істейміз. Бізден талап етіп отырғандары – бүкіл шара халықаралық стандарттарға сай болуы керек», - деді Ажар Ғиният.
Фото: ortcom.kz