Р. Ақбердин Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 29 тамыздағы шешімімен Ринат Ақбердин Азық-түлік келісім шарт корпорациясы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ринат Олегович Ақбердин 1979 жылы 17 сәуірде Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келді.

Жоғары экономикалық білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке меншік құрылымдардан бастады.

2005 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеді.

Ринат Ақбердин ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мұнай-газ көлігін реттеу бөлімінің бастығы, Басқарма төрағасының көмекшісі;

ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының кеңесшісі;

Павлодар облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары;

Павлодар қаласының әкімі аппаратының басшысы;

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарушы директор-Аппарат басшысы;

«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына келгенге дейін Ринат Ақбердин «Қазақтелеком» акционерлік қоғамында Басқарушы директоры болды, деп хабарлады «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» баспасөз қызметінен.