Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері»
атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын
Әміренов Рышат Бабайұлы
-
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» разрезінің механигі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы
Искандиров Мұқаш Зұлқарнайұлы
-
«Қазфосфат» ЖШС бас директоры, Тараз қаласы
Князев Борис Павлович
-
«Алтынсарино» ЖШС директоры, Қостанай облысының Қамысты ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 3 желтоқсан
№ 124