«Мен Қазақстан болды, бар және болып қала береді деп ойлаймын! Сіздерге барған сайын оның өз дамуында қол жеткізген жетістіктеріне таңқалып отырамын. Қазақстан - менің отаным екенін атап өткім келеді, мен Көкшетау облысының тумасымын. Сондықтан аға-қарындастарым, жерлестерім үшін өте қуаныштымын», - деді ол.
«Қазақстан бұл қарқынды одан ары да ұстап, алға қойған жоспарларыңыз іске асырылатынына сенімдімін. Қазақстан еліне бейбітшілік, бақыт және гүлдену тілеймін», - деп қосып өтті Р.Аушев.