«Бұл оқиға жер-жердегі билік жұмысының әлсіздігін және жағдайды толық басқара алмауын дәлелдейді. Қыз алып қашу оқиғасын сол аудан түгелдей естігенімен, жергілікті аудандық ішкі істер бөлімі де, аудан басшылығы да жедел әрекет ету шараларын қолға алмаған. Мұндай бұзақылықтарды әкімшілік басшылары мен аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының салғырттығы, олардың тарапынан аудандағы жағдайдың бақылауға алынбайтындығы деп бағалау қажет», - деді Р.Қадыров.
Шешен Республикасының басшысы осы оқиға салдарынан ауыл басшысы мен ауыл мешітінің имамы қызметтерінен босатылғанын атап өтті.
«Біз ислам дінін ұстанамыз, ал бұл дінде қыздың келісімінсіз болған неке мойындалмайды. Мен бұл мәселені бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын, біз қалыңдық ұрлау сияқты құбылысты біржолата жоюымыз керек», - деп атап өткен Р.Қадыров.