Р.Қадыров рэпер Тиматиға Шешенстанның Еңбек сіңірген әртісі атағын берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шешенстан Президенті Рамзан Қадыров әнші Дима Биланмен дауласқан рэпер Тиматиға қолдау танытып, оған Шешенстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі деген атақты беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ВВС.

«Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Шешенстан басшысы Тиматиді өзінің досы санайтынын, оны өмірлік көзқарасы үшін сыйлайтынын жазған.

«Тимати салауатты өмір салтын ұстанады. Ол ішпейді, шекпейді, кәсіби деңгейде спортпен шұғылданады. Өкініштісі, біздің кейбір шоу-бизнес өкілдерінде мұндай қасиет жоқ. Қоғамда танымал бола түсу үшін олар Батыстың әртістеріне еліктеп, жыныстық ауытқушылақтарын мақтан тұтады. Жылдап нашадан емделу орталықтарында жатады. Ең соңында, сол наша дозасын шектен тыс алып, өледі», - деп жазған Рамзан Қадыров. Айта кетейік, Дима Билан мен Тимати арасында дау Биланның Төменгі Новгородтағы концертте өнер көрсетуіне қатысты туындаған. Онда Тимати әріптесін есірткі шегіп алып, сахнаға шықты деп айыптады. Ал, Билан өзінің кеште жайсыз сезінгенін айтып ақталды.