Ірі көмір өндіруші кәсіпорын салық төлеуден жалтарған

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысының прокуратурасы ірі көмір өндіруші кәсіпорынның салық төлеуден жалтару фактісін анықтады. 

Фото: Түркістан облысы әкімдігі

2025 жылғы 13 маусымда Қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

— Тексеру барысында кәсіпорын үлестес тұлғаны бейрезидент ретінде пайдаланып, өзара есеп айырысуларда салық мөлшерлемесін 1,95 млрд теңгеге төмендеткені белгілі болды, — делінген Қарағанды облысы прокуратурасы хабарламасында.

Тергеу нәтижесі бойынша кәсіпорын директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Залал толық көлемде өтелуіне байланысты іс ҚК-нің 245-бабының ескертпесіне сәйкес ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды. 

Айта кетелік еліміз көмір өндіруден он ірі елдің қатарына кіреді