Р. Отынбаева Қазақстанға және Елбасы Н. Назарбаевқа Қырғызстандағы дағдарыстың алғашқы күнінен бастап дәйекті түрде қолдағандығына алғысын білдірді

None
АСТАНА. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың өтпелі кезеңдегі Қырғызстан Республикасының президенті Роза Отынбаевамен телефон арқылы сөйлесуі болды,

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз орталығы.

Қ.Саудабаев бұл реформалардың саяси тұрақтылыққа, конституциялық тәртіп пен билік органдарының заңдылығын қалпына келтіруге жасалған шешімді қадам екенін айта келіп, Қырғызстандағы реформаның жемісті аяқталғанымен құттықтады.

Р.Отынбаева Қазақстан және Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстанның алғашқы дағдарысқа ұшыраған күнінен бастап соңғы күнге дейін екіжақты негізде, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде де көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді

Сұхбаттасушылар ары қарай қол жеткізілген нәтижелер мен Қырғызстанның әлеуметтік-эконоимикалық саласының дамуы үшін жағдай жасау бойынша жасалатын нақты тәжірибелік қадамдарды талқылады.