«Азаттық» радиосының ақпараты бойынша, ол ЕҚЫҰ полиция күшінің Қырғызстан Республикасына келуі қажетті екенін атап өткен. Бұл елдің оңтүстігіндегі халықтың құқығын қорғау үшін қабылданған «саяси шешім», деп атап өтті Роза Отынбаева.
Ол сонымен қатар Қырғызстан билігінің 2010 жылдың маусымында елдің оңтүстігінде орын алған тәртіпсіздік жағдайларына қатысты халықаралық тергеу амалдарын жүргізу туралы шешімін растады.