«Мәслиxат сайлауы әйелдеріміз үшін гендерлік теңдікке қатысты жағдайды жақсартуға беріліп отырған жақсы мүмкіндік. Тек азаматтық белсенділіктеріңізді танытып, сайлауға өз кандидатураңызды көбірек ұсынуыңыз қажет. Біз парламенттік деңгейде 30 пайыздық көрсеткішке жете алдық, мәслиxаттада осы межеге қол жеткізуге әбден болады», - деп атап өтті ол.
Қауымдастық президентінің сөзіне қарағанда, аймақтарда мәслиxат депутаттарын сайлау кезінде әйелдерге үлкен қолдау жасалуы керек.
«Гендерлік сезімталдық рейтингісі бойынша, біз өз позицияларымызды жақсартып алар едік. Осы бағытта Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат Ұлттық комиссия, Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы және үкіметтік емес ұйымдар қыруар жұмыстар атқарып келеді. Барлық жерлерде тренингтер, шебердік сыныптары өткізілуде, аймақтарда әйел-саясаткердің клубы мен әйелдердің көшбасшылық мектебі құрылған. Меніңше, сайлау процесіндегі әйелдердің белсенділігі облыстық, қалалық және аудандық мәслиxаттардағы әйелдердің үлесін 30%-ға көтеруге мүмкіндік береді», - деді Р. Сәрсембаева.
12:13, 03 Ақпан 2016
Р.Сәрсембаева: Мәслиxат депутаттығына әйелдер өз кандидатураларын белсенді ұсынуы тиіс
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәслиxат депутаттарын сайлауға әйелдер белсенді қатысулары тиіс. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева мәлім етті.