Р.Тауфиков ҚР Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылды
14:28, 20 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Румиль Тауфикұлы Тауфиков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.