Р.Жексебайұлы шетелдегі қазақстандықтардың «KazAlliance» бірлестігінің президенті болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Руслан Жексебайұлы шетелдегі қазақстандықтардың басын қосатын «KazAlliance» қоғамдық бірлестігінің президенті болып сайланды.

Бұған дейін Р.Жексебайұлы  бұл ұйымның вице-президенті және АҚШ-тағы Қазақстан студенттері альянсының президенті болған еді.

Бірлестіктің сайлау комиссиясы хабарлағандай, президент 1 жылдық мерзімге сайланады. Бұл жолы бұл лауазымға үш адам кандидат болған. Бүгінгі күні дауыс беруге 22 елдегі өкілдер қатысып, бірлестіктің одан арғы қызметін айқындап алды.