Оның сөзінше, аталмыш кеңеске қатысушылар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқыламақшы. Тараптар сонымен қатар екіжақты да қызықтыратын халықаралық және аймақтық проблемаларға қатысты мәселелер бойынша өзара пікір алмасады.
18:09, 03 Қазан 2011
Рабатта Қазақстан мен Марокко Корольдігінің Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтеді
ТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - 6-7 қазанда Рабатта Қазақстан мен Марокко Корольдігінің Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтеді. Онда қазақстандық делегацияны Қайрат Сарыбай басқарады. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Абдрахманов мәлім етті.