Жарыс Ақмола облысы əкімдігі туризм басқармасының қолдауымен еліміздегі ең əсем спорттық нысандардың бірі - Щучинск шаңғы-трамплин кешенінде өтті. Ұйымдастырушы - «Экстремалды Атлетика» қоғамдық бірлестігінің кəсіпқой командалары. Щучинскіде осымен екі жыл қатарынан өткізіліп отырған жарыстың ашылуына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі. Қатысушылар түрлі кедергілер арқылы жүгіріп, төзімін сынап көрді.
«Қатысушылар ұзындығы 5 шақырымдық жарыс жолында 24 кедергіден өтті. Атап айтқанда, қолмен жүру, саз балшық ваннасы, рампа, ауырлыққа төзу жəне тікенекті сым сияқты кедергілерді бағындырды», - деді Race Nation Burabay жарысының бас төреші Тимур Артюхин.
Халықаралық жарысқа 10 команда, 500-ге жуық адам қатысып, Open, Team жəне Elite санаттары бойынша күш сынасты. Олардың арасында Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия және АҚШ сияқты онға жуық елдің өкілдері бар. Бұдан бөлек жарысты ұйымдастыруға 100-ге жуық ерікті қатысты.
Айта кетейік, Race Nation немесе «Ұлт жарысы» - ойлы-қырлы жерде жасанды кедергілермен жүгіру жарысы. Күш жүгірісі (5 км және 24 кедергі) кіреді. Жарыс Open, Team жəне Elite санаттары бойынша өтеді. Open, Team жəне Elite жүгірісіне ең жақсы дайындалған, кәсіби және жартылай кәсіби спортшылар қатысады. Open жүгірісіне орташа және бастапқы дайындық деңгейіндегі спортшылар қатысады. Team жүгірісі - командалық жүгіріс. Team үлгісінде мәре команданың соңғы қатысушысы бойынша есептелді. Elite бәсекесіне кәсіби жəне жартылай кәсіби спортшылар кіреді.
Бұл жолғы жарыстың жеңімпаздары Алматыда өтетін кезеңде бақ сынайды. Сонда жеңіске жеткендер Киевте өтетін əлем чемпионатында ел намысын қорғайды.