Радев Болгария президенттігіне сайлаудың екінші турында да алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «БСП» социалистер партиясы басқаратын бастамашы комитет атынан кандидаттығы ұсынылған генерал Румен Радев Болгариядағы президенттік сайлаудың екінші турында да алда келе жатыр. ОСК мәліметтері бойынша ол 54,76 пайыз дауыс жинаған. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Румен Радев 59,08% дауыс жинады, ГЕРБ басқарушы партиясы атынан сайлауға түскен Цецка Цачева болса, 36,34% дауыс жинаған», делінген ОСК мәліметінде. Одан бөлек 4,58% сайлаушы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берген.