Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері офицерлерінің жиыны аяқталды

None
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - Гвардиялық гарнизонның оқу орталығының базасында Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлықтағы әскерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс офицерлерінің жиыны аяқталды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызменті Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жиын негізгі пәндер бойынша білімді жетілдіру мен кәсіби даярлық деңгейін тексеру мақсатында өткізілді. Он күн бойы Құрылық әскері жасақтарының радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс қызметінің бөлім командирлері мен басшылары арнайы, арнайы-тактикалық, дене тәрбиесі сабақтарына қатысты. Осы және басқа да пәндер қазіргі заманғы ұрыстағы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғанысты жоспарлау мен ұйымдастырудың негізгі сұрақтарын қамтыды.

Жиын барысында офицерлерге радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныстың Қазақстан әскерінде қабылданған қару-жарақ пен құралдардың үлгілері таныстырылды.

«Қарулы Күштердің басшылығы РХБ қорғаныс әскерінің материалдық базасын дамыту мен жетілдіруге үлкен назар аударады. Біздің құрамалар мен бөлімдер РХБ қорғаныстың қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қару-жарақтары мен құралдарының үлгілерімен қамтамасыз етілуде», - деп атап өтті Құрлықтағы әскердің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскері басқармасының бастығы, полковник Тәттібек Самаев.