Бұл туралы Фейсбуктегі парақшасында жүргізуші, Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шафкат Сабыров хабарлады.
«Достар, студия тоналғалы бері материалды көмек көрсетеміз деген адамдар көп хабарласып жатыр. Қолдау көрсеткендеріңізге үлкен рахмет айтқымыз келеді. Карточка арқылы жіберетін болсаңыздар, Студияның «Инновация мен технологиялар орталығы» қоғамдық қоры реквизитін пайдалана аласыздар... Ал, қолма-қол қаржылай көмекті радио жүргізушілеріне берсеңіздер болады. Келген әр көмектің қалай пайдаланылғаны туралы есеп береміз. Әр көмектескен адамды эфир жүрген кезде атын атап өтетін боламыз», - деді ол.
Айта кету керек, ұрлық 5 қыркүйекте болған.
Қылмыскер студияға таңғы 5-те терезеден кірген. Күзет дабылын күзетшілер естімеген сыңайлы. Ер адам өзін түсіріп жатқан камераларды байқамаған. Түнгі камераларда оның жүзі анық түсіп қалған. Ұры жалпы құны 2 млн теңгенің мүлкін, студия жабдықтарын, камера пульттерін алып кеткен. Тек микрафондарды далаға лақтырып кеткен.