Радиоактивті заттарды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін «Каспий Экология» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды - ҚР Бас прокуратурасы
12:19, 20 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Жанна Қорқытова/ - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы экологиялық қауіпті радиоактивті заттарды пайдалану мен сақтаудың экологиялық талаптарын бұзу фактісі бойынша «Каспий Экология» ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады,
деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
«Қозғалған қылмыстық іс тергеу амалдарын жүргізу үшін Маңғыстау облысының ішкі істер департаментіне жіберілді. Қазіргі таңда қылмыстық іске қатысты тексеру жүріп жатыр», - делінген таратылған ақпаратта.