Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибунал 70 жастағы серб саясаткерін оған тағылған 11 айыптың 10-ына жауапты деп таныды. Ол адамзатқа қарсы қылмыстары - жаппай кісі өлтіру мен қуғын-сүргін, Сребреница анклавындағы мұсылмандарға геноциді, босниялық астана - Сараевоны қоршауға алуды ұйымдастырғаны және БҰҰ қызметкерлерін кепілге алғаны үшін сотталды.
БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейн «Караджичке шығарылған үкім ұлттық сезімді ойыншыққа айналдырып, ұлттық азшылыққа көрсеткен жәбірі үшін Еуропадағы және бүкіл әлемдегі көшбасшыларға ескерту болады», деп мәлімдеді.
1992 жылы біртұтас югослав мемлекеті құлағаннан кейін Боснияда ұлыстық және діни алауыздықтар салдарынан азаматтық соғыс өршіді. Жүз мыңға тарта адам оның құрбаны болды.
1995 жылы халықаралық қоғамдастықтың араағайындығымен жауласқан тараптар татуласып, екі автономиялық құрылыммен Босния және Герцеговина Федерациясы деп аталатын заманауи мемлекет құрылды.