Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараты бойынша, өрт дүйсенбі күні сағат 18.11-де «Радуга» тұрғын үй кешенінің 10-шы қабатынан шыққан. 4-ші мен 9-шы қабаттардың арасындағы электр қалқандары өртенген. 10 адам құтқарылды, оның екеуі - балалар, тағы 50 адам көшірілді, деп нақтылайды төтенше жағдайлар ведомствосынан.
Өрт сағат 19.29-да Астана қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға 48 адам және 13 техника жұмылдырылды.