- Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Рафаэль Гроссиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Президент пен МАГАТЭ Бас директоры кездесіп, Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасын, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.