«Әрине, «Реалдың» президенті болғым келеді. Болашақта не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Дегенмен қазіргі президентіміз де жақсы. Сондықтан жақын арада «Реалға» көмегім тиеді деп ойламаймын», - дейді Надаль Sportsnews Online сайтына берген сұхбатында.
Естеріңізде болса, испан теннисшісі Рафаэль Надаль Australian Open-2017 додасының финалында швейцариялық Роджер Федерерге есе жіберген болатын.