Рафахтағы операция басталатын күн келісілді - Биньямин Нетаньяху

АСТАНА. KAZINFORM – Рафахта құрлықтағы операция өтеді, оның мерзімі келісілген. Бұл туралы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді.

Фото: Maya Alleruzzo/AP/dpa/picture alliance

«Бұл болады, күн белгіленді», - деп жазды Б.Нетаньяху әлеуметтік желідегі аккаунтында. 

Оның айтуынша, Рафахқа шабуыл Газа секторындағы израильдік тұтқындарды босату және ХАМАС-ты жеңу үшін қажет.

Бір күн бұрын Израиль қорғаныс министрі Йоав Галлант Израиль армиясы Рафахқа шабуылға дайындалып, Хан-Юнустан өз бөлімшелерін шығарғанын айтты. 

Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласында 1,5 млнн палестиналық азамат Израиль армиясының шабуылдарынан пана тапты.