«Рахмет, Мбаппе!»: Француздар Қатардан оралған футболшыларды қошеметпен қарсы алды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Парижде 50 мың француз жанкүйері Қатардан оралған футболдан ұлттық құраманы қошеметпен қарсы алды. Келісім алаңына жиналған жанкүйерлер әлемнің вице-чемпионы атанған команданы ыстық ықыласпен қарсы алып, «Марсельез» гимнін шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews сайтына сілтеме жасап.

«Рахмет, Мбаппе!», «Сендер мықтысыңдар!», «Біз сендермен біргеміз!» - деді жанкүйерлер. Желтоқсанның қолайсыз ауа райына қарамастан адамдар қаһармандарын бірнеше сағат бойы күтіп тұрды. «Финалда жеңіліп қалса да, керемет ойнады. Біз олардың ұтылғанына қарамастан құрамаға қолдау көрсетуге келдік», - деді жанкүйерлер.

Құрама жаттықтырушысы Дидье Дешам мен оның командасы танымал «Крийон» қонақүйінің балконынан жанкүйерлерге алғыс айтты.

Футболшылардың келуіне орай үнемдеу режиміне қарамастан Эйфель мұнарасы жарқырап тұрды.

Айта кетсек, Аргентина құрамасы Франциядан пенальтиден басым түсіп, өзінің тарихында үшінші мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Бұдан бұрын 1998 және 2014 жылдарда 171 голдан соғылған еді. Осылайша биыл аталған рекордқа түзету енгізілді.

Дүбірлі додада 8 голмен француздық шабуылшы Килиан Мбаппе сұрмергендер көшінде бірінші орын алды.


Фото: euronews.com