«Біз экономиканың ауыртпалығын көруіміз керек», - дейді жылжымайтын мүлік бизнесінен мол табыс тапқан Тим Гарнер.
Ол бұған дейін жастардың авокадолы тостер мен кофеге тым көп ақша жұмсайтындықтан баспанасыз жүргенін сынап жазған пікірі үшін жұртшылықтың наразылығын туғызған.
Осы аптада өткен жылжымайтын мүлік саммитінде сөйлеген сөзінде 41 жастағы Гарнер коронавирус пандемиясы қызметкерлердің көзқарасы мен жұмыс этикасын айтарлықтай өзгерткенін айтты.
Ол «еңбек нарығындағы менмендікті» азайту үшін Австралиядағы қазіргі жұмыссыздық деңгейін 40-50% арттыруды ұсынды.
Бұл өз кезегінде 200 мыңнан астам адамның жұмыссыз қалуына әкеледі.
Гарнердің пікірі көп компаниялардың қызметкерлерімен арадағы қашықтан жұмыс істеу туралы кикілжіңге байланысты айтылды.