Ракеткалар шығаратын Head компаниясы допинг жанжалына қарамастан Шараповамен келісімшартты ұзартады
21:50, 10 Наурыз 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ракеткаларды шығарушы Head компаниясы допинг жанжалына қарамастан Мария Шараповамен келісімшартты ұзартады.
«Мүмкін, Мария қателік жіберген де болар, бірақ ол сенім несиесіне лайықты», - деп келтіреді компания хабарламасының бір бөлігін The Times.
Компания алдағы апталар немесе айларға жаңа демеушілік келісімшарт туралы жарияламақ.
Бұған дейін Nike пен Porsche Шараповамен ынтымақтастықты тоқтату жайлы жарияласа, Tag Heuer сағат компаниясы теннисшімен келісімшартты жаңарту келіссөздерінен бас тартқан.