Рақым Ошақбаев ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев ИДМ ұжымына жаңа вице-министр Рақым Ошақбаевты таныстырды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Р. Ошақбаев 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, мамандығы - экономист. Бұл тағайындауға дейін Рақым Ошақбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.