Рақым Ошақбаев: Ұлттық кеңес қазақстандықтардың үмітін ақтауы тиіс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қазақстандықтардың үмітін ақтауы тиіс. Бұл пікірді «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығының басшысы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Рақым Ошақбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент құрғанҰлттық қоғамдық сенім кеңесіне қатысты бізге мемлекет пен қоғам үлкен сенімартып отыр. Мұндай үмітті ақтау оңай болмайды. Ұлттық кеңеске еліміздің алдағысаяси-экономикалық жаңғыруының негізі ретінде үміт жүктелді. Оның жұмысы үшклассикалық «себетке» бөлінуі мүмкін – саяси, әлеуметтік және экономикалық. БізҚазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пайдалы бастамаларенгіземіз деп үміттенеміз. Қазір бірқатар нақты ұсынымдар әзірлеп жатырмыз, онықоғамдық талқылауға шығарып, сараптамалық топтарды іске қосқымыз келеді.Кейінірек, халықтың қолдауына ие болған бастамаларды Ұлттық кеңес қарауынашығарамыз. Сондықтан, өте белсенді жұмысқа дайындалып жатырмыз», - деді РақымОшақбаев.

Айта кетейік,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі туралыЖарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент 2019 жылдың 12 маусымында елордадағыұлықтау рәсімінде мәлімдеген болатын.

Ұлттық кеңескетүрлі салада жұмыс істейтін, азаматтық белсенділік танытқан 41 адам мүше атанды.