«Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Мемлекет басшысының бастамасымен енгізілген Рақымшылық туралы заңға қол қойылған сәттен бастап, ҚАЖ мекемелерінде және пробация қызметтерінде материалдарды сотқа жіберу туралы қауырт жұмыс басталып кетті. 2017 жылдың 24 қаңтары күні сегіз мыңнан астам материал қарауға жіберілді.
Сонымен бірге, ҚАЖ мекемелерінен сотқа түскен екі мыңға жуық материал абақтыдан босатуды, жаза мерзімін 1/2, 1/4 және 1/5 бөліктеріне қысқартуды және бас бостандығынан айыру мерзімін - шектеуге немесе айыппұлға ауыстыруды көздейді.
Пробация жүйесі арқылы түскен алты мың материал жаза өтеу мерзімін қысқарту және жазаның қалған бөлігін шартты түрде өтеуді қарастырады», - делінген хабарламада.