Мұнда шабандоз Энрико Боназо мінген «Рено» жолдан шығып кетіп, жарысты тамашалауға келгендерді қағып өтті.
Күтпеген жерден болған оқиға салдарынан 1 адам қаза тауып, тағы сегіз адам жараланды. Қазір олардың тең жартысының жағдайы ауыр. Оқиға барысында жоғары жылдамдықпен ұшқан көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жолдың жиегіне қоршау ретінде қойылған шөптердің орамына соғылды. Ал оның артында сайысты көруге келген жұрт ешбір қаперсіз тұрған болатын. Көлік қағып өткен 51 жастағы ер адам сол арада жан тәсілім етті. Ақыры ралли ұйымдастырушылары сайысты тоқтатып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімін болдырған жоқ.
Дереккөз: «Хабар 27» телеарнасы