Ралли кезінде жүйткіген автокөлік көрермендерді жаншып кете жаздады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның солтүстігінде өткен раллиде болған апаттан 9 жанкүйер таңғажайып жағдайда аман қалды, деп жазады Росбалт.

Бұрылыстардың бірінде жүргізуші Петро Скавоне көлікке ие бола алмай, жолдан шығып кетті. Автокөлік раллиді көруге келген бірнеше адамды басып кетудің аз-ақ алдында қалды.

Апатқа байланысты жарысты тоқтатты. Жарыс көлігінің жүргізушісі мен штурманды ауруханаға жатқызды. Олар жеңіл жарақаттанды.