Рамазан-2025: барлық өңір бойынша Ораза кестесі жарияланды

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті. Бұл туралы діни басқарманың ресми сайты жазды.

2025 жылы Рамазан айы 1 наурызда басталады, ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге түседі. Ораза айт 30 наурызда өтсе, Құрбан айттың бірінші күні 6 маусымға сәйкес келеді.

Діни басқарма мамандары ай күнтізбесіне байланысты бұл күндер жаңа айдың көрінуіне қарай бір күнге өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

– Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген хабарламада.

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz

Айта кетейік, еліміздің Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 655 теңге болып бекітілді.