Рамазан айында пойыздардағы вагон-ресторандар арнайы кестеге көшті

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM — Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарындағы вагон-ресторандар арнайы кесте бойынша қызмет көрсетеді. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

— Аталған тәртіп 40 вагон-ресторанда енгізіледі. Вагон-ресторандар күн сайын сағат 8:00–ден түнгі 24:00–ге дейін қызмет көрсетеді. Ораза ұстаушыларға ыңғайлы болу үшін сәресі уақытында — сағат 04:00–ден 05:00–ге дейін ашық болып, жолаушыларға ораза басталғанға дейін таңғы астарын іше алады, — делінген хабарламада.

Бұған қоса Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Ауызашар кезінде вагон-ресторандарда жолаушыларға су мен құрма тегін беріледі. Бұл уақытта пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, рухани кемелдену мен ізгі тілектерін білдірді. 

Ал, Қазақстанның әр өңірінде ауызашар мәзірінің бағасы қанша екенін білгіңіз келсе, мына сілтемеге өтіңіз.