Дін жанашырларының демеушілігімен өткен ізгі шарада қоғамдық көлік бір күн бойы тұрғындарды тегін тасыды. Бұдан әсерленген тұрғындар мешіт ұжымына алғыс-тілектерін жеткізді.
«Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Рамазан айының қарсаңында халыққа жолдаған үндеуінде қайырымдылық акцияларын көбірек ұйымдастыру қажеттігін қаперге салған болатын. Осыған орай, өткен жылғы дәстүр бойынша қалада ең көп аумақты қамтитын және тоқтаусыз жүретін №63 маршрутты таңдап, тегін жүру акциясын ұйымдастырдық. Алла тағала осынау іске демеушілік жасаған бауырларымызға разы болсын», - дейді «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев.