Бұдан бөлек, қаланың барлық мешіттерінде ауызашарлар ұйымдастырылуда. Ал оған келетін жүздеген адамды үйлеріне жеткізіп салу үшін тегін такси қызметін іске қосу жоспарланған.
«Мешіт әрдайым қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырады. Алайда мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ол шаралардың саны екі есе өседі. Жақсылық жасау - Жаратушының алдындағы үлкен іс,» - деп атап өтті Әнет баба атындағы облыстық мешіттің сайт редакторы Нәзира Байназарова.
Рамазан - мұсылмандар үшін қасиетті ай. Құранда айтылғандай, осы қасиетті айда Ораза тұту ислам дініндегі бес парыздың бірі. Биыл 6 мамыр күні басталған Рамазан айы 5 маусымға дейін жалғасады. Берілетін пітір-садақаның көлемі - 300 теңге.