«Рамазанның соңғы 10 күнінде келушілердің саны күрт артады. Біз қажылардың діни рәсімдерді еш қиындықсыз атқаруына барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын боламыз», - делінген Қажылық министрлігінің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Сауд Арабия билігі жақында корольдік әлеуетін арттыруға бағытталған «Келешек-2030» стратегиялық бағдарламасын жариялаған болатын. Аталмыш құжатта қажылық индустриясын дамыту жолдары да қарастырылған.
Қазіргі уақытта корольдік қазынасына қажылық индустриясынан жыл сайын 12 млрд. доллар түсіп отырса, бұл көрсеткіш 2030 жылы 53 млрд-тан асып түспек.