Рамазан бойы Пайғамбар (с.ғ.с.) шапанын көру мүмкіндігі бар

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Түркия мұсылмандары ардақты Мұхаммед Пайғамбарымыздан қалған шапанды Ыстамбұлдағы «Хырка-и Шериф» мешітінде тамашалай алады, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.

Бұл қасиетті жәдігерді бүгінгі күнге дейін аль-Карани әулеті сақтап келген. Кезінде аль-Карани әулетінің ата-бабасына ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) аманат ретінде тапсырған екен.

muftyat.kz сайтының жазуынша, көрменің ресми ашылуына Түркияның вице-премьері Бекир Боздаг пен Ыстамбұлдың мүфтиі Рахми Яран қатысты.

Бұндай қасиетті экспонатты мұсылман қауымы Рамазан айы бойы тамашалай алады.