Алматыдағы ең үлкен мемлекеттік ту 2019 жылы Медеу мұз айдынының маңына орнатылды.
Мемлекеттік тудың орнатылуы Ұлттық баскетбол федерациясының бастамасымен «Nur Otan» партиясының және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты.
Тутұғырдың биіктігі - 40 метр. Тудың ені - 7 метр, ұзындығы - 14 метр.
Қалалық қоғамдық даму басқармасының мәліметінше, қаланың барлық мемлекеттік мекемелерінде және әкімшілік ғимараттарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібінің сақталуы бойынша мониторинг үнемі жүргізіліп отырады.
Алматыда 600-ден астам мемлекеттік нысан бар.
«Мониторинг ҚР СТ 988-2007 Мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкестігі бойынша жүзеге асырылады. Сонымен бірге мемлекеттік елтаңбадағы «QAZAQSTAN» латын графикасы тексеріледі», - деп жауап берді басқармадағылар.
Айта кетейік, Қазақстандағы ең үлкен тудың ені - 15, ұзындығы - 30 метр.
Ол Нұр-Сұлтан қаласында «Атамекен» этномемориалды кешенінің аумағына орналасқан .