«Раммасун» дауылынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қытайда өткен жұма күні орын алған «Раммасун» дауылынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

ҚХР Азаматтық әкімшілік министрлігі ақпаратына қарағанда, бұдан бөлек 20 адам із-түссіз жоғалған. Осы ведомствоның таратқан мәліметінше, дауыл салдарынан Хайнань, Гуандун, Юньнань өлкелерінде және Гуанси-Чжуанск автономиялық ауданында тұратын шамамен 11 млн. адам зардап шеккен. Ал апат салдарынан келген экономикалық шығын 1,1 млрд. долларға жуықтап отыр.