«Рамзан Черхиговтың орнына Адам Черхигов Шешенстан Республикасының Көлік, байланыс және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұған дейін Адам Шешенстан Республикасы Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетінің төрағасы қызметін атқарған», - деді Рамзан Қадыров Telegram-арнасында.
Сондай-ақ ШР Үкіметінің Мектепке дейінгі білім беру комитетін ШР Білім және ғылым министрлігінің құрылымына қосу туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, Адам Черхиговтың әкесі – Рамзан Қадыровтың әпкесі Зарганның күйеуі.