Рамзан Қадыров екінші рет Шешенстан басшысы болды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпаарат - Шешенстан Парламенті кезектен тыс отырысында Рамзан Қадыровтың кандидатурасын екінші мерзімге республика басшысы орынтағына бірауыздан бекітті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Отырысқа республика Халық жиналысының барлық 41 депутаты қатысты. Шешім бірауыздан қабылданды.