Жол апаты Думан шағын ауданы тұсында болған. Соққыдан Range Rover көлігінің 29 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші аса ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Көлікте өрттің шығу қаупіне байланысты оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды.
Жол апатының себептерін полиция анықтап жатыр.