Рашид Жақыпов ІІМ орынбасары қызметінен босатылды
19:28, 15 Қаңтар 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.