Ресейлік спортшы оған өзіне деген шектен тыс сенімділігі кедергі болғанын айтты.
Мирзаев Дондағы Ростовта аралас жекпе-жек бойынша Fight Nights Global 54 турнирінде айқасқа шықты. Оның қарсыласы UFC-тің бұрынғы палуаны грузин Леван Макашвили болды.
Мирзаевтің бұл спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі (17 жеңіс/1 жеңіліс).
Жекпе-жек үш раундқа созылды. Қарсыласу кезінде Макашвили тұрысынан жаңылмады. Бірнеше сәтті тейкдауын жасады. Судьялар бірауыздан оны жеңімпаз деп таныды.
«Өз-өзіме деген сенімділігім құртты. Макашвили бүгін менен күштірек болып шықты. Оған жекпе-жек үшін алғыс білдіремін. Бұдан күшті болып оралуға уәде беремін. Қателіктерімді пысықтаймын. Жеңілгенім үшін кешірім сұраймын. Дондағы Ростовқа жеңіс сыйлағым келген. Әуесқой мансабым осы жерде өткен. Көрерменнің көңілінен шыға алмадым, Леванды қарымта кездесуге шақырамын», - деді Мирзаев.