Бүгін облыс әкімі Болат Бақауов «Ертіс» футбол клубының ойыншыларымен кездесу барысында жаңа президентті таныстырды.
«Павлодарлық футбол мектебі еліміздегі ең мықты ұжымдардың бірі. Ол үшін барлық жағдай жасалды және жасала бермек. Бірақ, соңғы кездері жанкүйерлер жеңісті ойындарды көре алмауда. Алғашқы үштікке еніп, сіздер бірінші мақсатты орындадыңыздар, енді ел біріншілігінде топ жарып, Еурокубоктарға жолдама ұту керек. Демалыс күндері «Қайрат» клубымен өтетін ойында сәттілік тілеймін», - деді Болат Бақауов.
«Ертіс» пен «Қайрат» арасындағы ойын 17 шілде күні өтеді.
Айта кетерлігі, Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов 1974 жылы 24 қаңтарда Павлодар облысы Железин ауданы Комаровка ауылында туған. Білімі - жоғары, 1994 жылы Ақмола қаржы-экономикалық техникумын, 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін, ал 2010 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2013 жылдан 2014 жылғы қаңтарға дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі лауазымында еңбек етті. 2014 жылғы қаңтарда Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.