Рауль Кастро Барак Обамаға өзін жауырынынан қаққызбай қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америка президенті Куба елінде жүр. Бостандық аралының көшбасшысы Барак Обамаға өзін иығынан қаққызбай, АҚШ президентінің қолын ұстап қалды.

АҚШ президенті Барак Обама мен Куба президенті Рауль Кастроның баспасөз конференциясынан кейін Америка көшбасшысы кубалық әріптесін жауырынынан қаққысы келген, алайда Кастро бұлай жасатпады. Бұл сәт түсірілген видео RT телеарнасының YouTube-аккаунтында жарияланған.

Кастро Обаманың қолын жиналғандар алдында көтеріп, жауырынына жолатпады, деп жазады РИА Новости.

Барак Обама Кубада ресми сапармен жүр. Америка көшбасшылары Гаванаға 90 жылдан астам уақыт бармаған. АҚШ президентінің айтуынша, бұл сапар екі ел арасындағы қырғи-қабақ соғысқа нүкте қоюдың белгісі.