Рауль Кастро: Кубада жаңа төраға сайланады
11:55, 22 Желтоқсан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба министрлер кеңесі мен мемлекеттік кеңесінің төрағасы Рауль Кастро 2018 жылдың сәуірінде қызметінен кетеді, деп хабарлайдыТАСС агенттігі.
Ол бейсенбі күні Халық билігі ұлттық ассамблеясының (елдің бір палаталы парламенті) отырысында осындай мәлімдеме жасады.
«19 сәуірде Халық билігі ұлттық ассамблеясының жаңа құрамы құрылады. Менің мемлекет және үкімет басшысы ретіндегі екінші және соңғы мерзімім аяқталмақ. Кубада жаңа төраға сайланады», - деді 86 жастағы Кастро.
Рауль Кастро Мемлекеттік кеңес төрағасы - мемлекет және үкімет басшысы қызметін 2008 жылдан бері атқарып келеді. Ол бұл лауазымға өзінің үлкен ағасы, Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастродан кейін келді.