Бұл туралы тиісті өкімге ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов қол қойды.
Қажыбаева Раушан 1978 жылы дүниеге келді. Мамандығы бойынша журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетін тәмамдаған.
«КТК» телеарнасының Астанадағы тілшілік қосынында журналист қызметін атқарды, «Қазақстан» телеарнасында бас редактор, ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі қызметтерін атқарды.
Екі медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.