«Медицина қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүр. Олар пандемия басталғалы бері халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етуде. Талай адамның жанын ажалдан арашап қалды. Дәрігерлердің осындай ерліктерін елеусіз қалдыруға болмайды. Ақ халатты абзал жандар қандай да болсын құрметке лайық! Сіздерге Алғыс айту күнінде шынайы ризашылығымды жеткіземін», - деді Равиль Юнусов.
Өз сөзінде ол «Ассамблея жастары» бірлестігі мүшелерінің Өскемен қаласындағы 1-ші қалалық аурухананың жансақтау бөлімшесінің дәрігерлеріне тосынсый жасағанын жеткізді.
«Бүгінгі мерекеге орай медицина қызметкерлеріне тәтті-дәмді салынған сыйлықтар бердік. Денсаулық күзетінде күні-түні тер төгіп, ауыр жұмыстан шаршайтын дәрігерлерге қуаныш сыйлағымыз келді», - деді бірлестіктің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының жетекшісі.