Ұлттық театрдың маркетинг және қоғамдық қатынастар бөлімінің басшысы Лиг Римшевичтің айтуынша, мерейтой иесі салтанатты шарадан бас тартқан.
"Ол көрермендер әкелген гүлдерді сахнаға шығармай, арнайы залда қалдыруды сұрады. Сахнада оны тек Латвияның президенті Раймондс Вейонис құттықтады, алайда бұл композитор үшін тосын сый болды", - деді ол.
Белгілі латвиялық композитор, КСРО халық әртісі Раймонд Паулс 1936 жылы 12 қаңтарда Ригада дүниеге келген. Маэстро жүздеген ән, театр мен киноға арналған әуен, мюзиклдер жазып, джаз пианиношы және дирижер ретінде әлемге танылды.